05-10-18 |
1740 рет қаралған
Президент: Педагог мәртебесі туралы заң дайындау керек.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда келесі жылға дейін педагог мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.

Астанада халыққа арнаған жолдауында Назарбаев Қазақстанда «жергілікті билік барлық жұмысты мұғалімдердің мойнына артып қоятынын» сынады. 

«Не болса соның бәрі мұғалімдерге жүктеледі. Сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат кампаниясын да мұғалімдер жүргізеді. Бұл үшін оларға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмысын істеп, дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай, оларды тексереді» деді Назарбаев.

Президент бұған қоса елде кейбір аймақтарда мектеп жетіспей, оқушылар үш ауысымда оқып жатқанын сынап, бұл мәселені түбегейлі шешу керегін айтты.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.