Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімдеме жасады. Ол ел президентінің Twitter мен Instagram желісіндегі ресми аккаунттарын жазды.
Баспасөз хатшысы мемлекет басшысының атынан ашылған кейбір аккаунттардың жалған екенін хабарлады.
«Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын» , – деп мәлімдеді Facebоok парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
Берік Уәли ел президентінің Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін ескертті.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024