21-09-21 |
1550 рет қаралған
Қазақстандықтар енді жұма намазын мешіт ішінде оқиды.
Қазақстандықтар енді жұма намазын мешіт ішінде оқиды

Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеуіне байланысты жұма намазын енді мешіт ішінде оқуға рұқсат берілді.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап Ashyq-та «қауіпсіз» жамағат үшін жұма намазы жабық орын-жайларда оқуға рұқсат. 

«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.

Осыған дейін жұма намазы мешіт ауласында оқылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.