Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей мен Қазақстан арасында әуе байланысы артады.

/
Ресей мен Қазақстан арасында әуе байланысы артады.

22 қыркүйектен бастап Ақтөбе – Қазан бағытында әуе рейсі іске қосылады.

Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады.

«22 қыркүйектен бастап «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе – Қазан бағытында ұшуды бастайды», — деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссия мен Ресейдің мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Серіктес жаңалықтары