20-11-18 |
930 рет қаралған
Ресейде Қазақстаннан бара жатқан автобус аударылды.
Қазақстаннан Ресейдің Екатеринбург қаласына кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы Свердловск облысында жолда апатқа ұшырап, бір адам жараланды.

Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы аймақтық басқармасының хабарлауынша, жол апаты 19 қараша күні Астана уақытымен сағат 9-да Екатеринбург – Шадринск – Қорған тас жолының 60-километрінде болған. Полицияның мәліметінше, автобуста 17 адам болған. Жүргізуші «рөлге ие бола алмай», автобус жыраға қарай жанына аударылған.

1985 жылы туған жолаушы қыз жараланып, Белоярск аудандық ауруханасына жеткізілген. Аймақтық басқарма жол апатының себептері анықталып жатқанын айтады.

17 қарашада Ресейдің Саратов облысында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары отырған жолаушылар автобусы теміржолда пойызбен соқтығысқан. Көлік соқтығысынан салонда отырған бес адам – Өзбекстан азаматтары қаза тапқан. Қазақстан азаматтары – жүргізуші мен оның көмекшісі жараланып, ауруханаға түскен. Жүргізушінің үстінен іс қозғалды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.