23-03-21 |
1430 рет қаралған
Ресей вакцинасының тағы 4 миллион дозасы келеді.
Ресей вакцинасының тағы 4 миллион дозасы келеді

Асқар Мамин Мәскеуде Ресей премьері Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді. Ресей Қазақстанға қосымша «Спутник V» вакцинасының 4 миллион дозасын жеткізуге уағдаласты.

Дүйсенбіде Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Ол Ресей премьері Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

«Спутник V» ресейлік вакцинасының 4 миллион дозасын Қазақстанға қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакциналау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», – деп келтірді Асқар Маминнің сөзін баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары, сонымен қатар, сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика және ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. ЕАЭО форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, осы жылдың екінші жартысында Көкшетауда өтетін «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» тақырыбына арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселесі талқыланды.

Айта кетсек, Қазақстанға 1 ақпан жаппай вакциналау басталардың алдында Ресейден  «Спутник V» вакцинасы бірінші компонентінің 22 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде препарат толығымен пайдаланылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.