24-10-18 |
1390 рет қаралған
Римде метро істен шығып, Ресей жанкүйерлері зардап шекті.
Рим метросында эскалатор бұзылып, 20 адам жараланды. Зардап шеккендердің көбі – Ресейден келген футбол жанкүйерлері. Бұл туралы италиялық ANSA агенттігі хабарлады.

Куәгерлер түсірген видеода қала орталығындағы метроның «Республика» станциясында эскалатордың жиналып қалғаны көрінеді. Италиялық La Repubblica басылымының жазуынша, зардап шеккендердің бірінде аяғының бір бөлігі кесіліп қалған. Сегіз адам ауыр жараланған.

ANSA агенттігі апатқа ЦСКА жанкүйерлерінің эскалаторда секіріп билегені себеп болғанын хабарлады. Алайда, куәгерлер видеосында жанкүйерлердің бұлай істегені байқалмайды.

Ресейдің Римдегі елшілігі РИА «Новостиге» апаттан 30 адам зардап шеккенін хабарлады. Агенттік елшілік өкіліне сілтеме жасап, 18 адам станциядан өздері шығып үлгергенін, бес адамның жағдайы орташа ауыр, жеті адам ауыр халде жатқанын хабарлады.

23 қазан күні кешке Римдегі «Олимпия» стадионында Чемпиондар лигасының топтық іріктеуі аясында «Рома» – ЦСКА клубтарының матчы өтті.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.