09-10-18 |
770 рет қаралған
Сирия оппозициясы Идлибтегі майдан шебінен қару-жарағын шығарды.
Сирия қарулы оппозициясы қазанның 8-і күні елдің солтүстігіндегі Идлиб провинциясынан ауыр қару-жарақтарын шығарды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шара қауіпсіз аймақ құру жөніндегі Ресей мен Түркия келісімі аясында жасалынды.

Аймақтан миномет, дүркіндете ататын ауыр зеңбірек және зымыран қондырғылары шығарылған. Бірақ аталған аймақта Анкара қолдауына ие оппозиция күштері қала бермек. Олар атыстың тоқтағанын қадағалайды.

Ал Идлибтегі ең ірі жиһадшыл топ «Тахрир аш-Шам» соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қатысты пікірлерін әлі білдірмеді.

Ресей мен Түркия арасындағы келісім Дамаскіні Идлиб провинциясын әскери күш арқылы толық қадағалауына алмақ болған ниетінен қайтарды. Әлем елдерінің басшылары мен БҰҰ өкілдері мұндай операция үш миллион халқы бар аймаққа үлкен қатер төндіреді деп алаңдаған. Ол кезде АҚШ Сирия президенті Башар Асадқа егер аймаққа шабуылда химиялық қару қолданар босла, әскери соққы беретінін ескерткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.