13-11-18 |
1860 рет қаралған
Сот Лариса Харькованың ісін тоқтатты.
12 қарашада Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харьковаға қарсы азаматтық шағымды қарауды тоқтатты. 

Осыдан екі ай бұрын қаладағы жедел жәрдем станциясы кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Әбдібаева Харьковадан 2,5 миллион теңге талап етіп, сотқа шағымданған. Әбдібаеваның айтуынша, жедел жәрдем станциясының кәсіподағы бұрын Харькова басқарған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясына 2,5 миллион теңге аударған. Шағымданушы Харьковадан осы ақшаны қайтаруды сұрап, арыз түсірген.

Ал Шымкент қалалық әділет департаменті Сәуле Әбдібаева басқарып отырған қазіргі кәсіподақ бұрынғы жедел жәрдем станциясы кәсіподағының заңды мұрагері бола алмайтынын мәлімдеген. Департаменттің осы құжатына сүйенген судья істі тоқтатты. 

Бұған дейін Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты Лариса Харькованы «бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырған» деп айыптап, бас бостандығын төрт жылға шектеп, мүлкін тәркілеген. Қазақстанда сотталған бұрынғы кәсіподақ басшылары Лариса Харькова, Нұрбек Кұшақбаев және Әмин Елеусіновке халықаралық Артур Свенссон атындағы сыйлық берілген.​

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.