Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте бейбіт жиындар өткізу туралы жаңа заңға қатысты пікір білдірді.
«Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті.
Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайтынын баса айтты. Оның пікірінше, бұл халықтың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024