05-10-18 |
1490 рет қаралған
Тверь облысында жол апатынан бірнеше адам қаза тапты.
Ресейдің Тверь қаласының түбінде жол апатынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, жиырма шақты адам жараланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті полиция қызметі 5 қазан күні таңертең шағын Ford жолаушылар автобусы жолда ЛиАЗ автобусымен соқтығысқанын хабарлады. Апаттан шағын автобус жолаушылары қаза тапты. Кем дегенде 17 адам жараланып, олардың кейбірі ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апат болған жерге Тверь облысының губернаторы Игорь Руденя барды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.