08-11-18 |
1260 рет қаралған
Варшава мэриясы ұлтшылдар маршына тыйым салды.
Варшава мэриясы қарашаның 11-іне жоспарланған ұлтшылдар маршына тыйым салды. Ол күні қалада Польшаның тәуелсіздік алғанының жүз жылдығы тойланады.

Мэрия бұрын-соңды мұндай шешім қабылдамаған. 2012 жылы Польшада социализм кезеңінен бері тұңғыш рет жергілікті билік органдарына көпшілік орындардағы шараларға тыйым салу құқығын берілді. Алайда билік тыйымды қауіпсіздік мақсатында ғана сала алады.

«Азаматтық платформа» либералдық партиясынан сайланған Варшава мэрі бірнеше жыл бойына ұлтшылдар митингіне шектеу қоймай келген. Алайда таяуда өткен жергілікті сайлаудан кейін отставкаға кеткелі жатқан мэр Ханна Гронкевич-Вальц «Варваша полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды» деп биылғы маршқа тыйым салды.  

Варшава полициясының өкілі Сыльвестер Марчак басылымдардың біріне берген сұхбатында «Мэр бұл шешімін Ішкі істер министрлігімен талқылаған да жоқ. Қауіпсіздікті қамтуда қандай да бір мәселе барын білмеппін. Ұлтшылар митингіні бәрібір өткізетіндерін айтты, енді қауіпсіздікке кім жауап беретінін түсінбей отырмыз» деген.

Маршқа салынған тыйым парламентте қызу талқыланды. «Құқық пен әділдік» басқарушы партиясынан депутат ұлтшылар маршын сынаған әріптесін – «Польша шаруалары» партиясының депутаты Яцек Протасевичті «есуас» деп балағаттады.   

Ұлтшылар маршы Польшада 2010 жылдан бері өтіп келеді. Мыңдаған адам жиналатын шара кезінде расистік, антисемистік ұрандар айтылады. Сол себепті Польшадағы либерал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері маршқа тыйым салу туралы ұдайы айтып келеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.