09-11-18 |
1480 рет қаралған
Варшава соты ұлтшылдар маршына салынған тыйымды алып тастады.
Ұлтшылдарға Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай марш өткізуге салынған мэрия тыйымын Варшава соты алып тастады. Сот «жергілікті билік шараны өткізуге тыйым салуға жеткілікті себеп ұсынбаған» деп шешкен.

Қарашаның 7-сінде Варшава мэрі Ханна Гронкевич-Вальц Варшава «полициясы митинг кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмауы мүмкін» деп, маршты өткізуге тыйым салған.

Варшава мэриясының тыйымынан соң Польша үкіметі тап сол маршрутпен өзге марш өткізуді ұсынған. Митингіні ел президенті Анджей Дуда бастап жүруі керек еді. Алайда сот шешімінен соң үкімет ұлттық мерекені бірге тойлап, екі маршты қосуға шақырды.

Ұлтшылар маршы Польшада 2010 жылдан бері өтіп келеді. Мыңдаған адам жиналатын шара кезінде расистік, антисемистік ұрандар айтылады. Сол себепті Польшадағы либерал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері маршқа тыйым салу туралы ұдайы айтып келеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.