10-10-18 |
1060 рет қаралған
Қырғызстан Қазақстанның тауық етіне шектеу қойды.
Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын тауық етіне уақытша шектеу қойды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы хабарлады.

Мекеменің баспасөз хатшысы Рахат Садырбекованың айтуынша, шектеуге Қазақстанмен шектесетін аймақта құс тұмауы індетінің өрши түсуі себеп болған. Осыған байланысты, Қазақстан билігіне жағдайды анықтау үшін ресми сұрау жолданған.

Қазақстанның ветеринарлық қызметінің жауабына байланысты шектеу алынып тасталады, я ұзартылады.

«Жағдайды толық анықтау үшін уақытша шектеу қойылды. Шешім Қазақстан тарабының ресми жауабына байланысты болмақ. Егер көрші елдегі жағдай соншалықты қауіпті болмаса, шектеуді алып тастаймыз» деді Садырбекова.

Санитарлық инспекция сонымен бірге әлеуметтік желіде таралған құс етінен Ньюкасл індеті табылды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.