Адвокаттың сөзінше, Зилалиевті соттың шығарған шешімі бойынша ұстаған. Желтоқсанның 9-ы күні Бішкектің Бірінші май аудандық соты экс-вице-премьерге бұлтартпау шарасын белгілеуге қатысты ұйғарымын жариялайды.
Дуйшенбек Зилалиев Қырғызстанның геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік агенттігін басқарған кезде кен орнын игеруге лицензияны заңсыз берген деген күдікке іліккен.
2017 жылы қарашаның 24-і күні Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтің ант беру рәсімі өткеннен кейін Дуйшенбек Зилалиевің үстінен Қылмыстық кодекстің 228-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату») бойынша іс қозғалған. 2018 жылы қазанда сот оған үш жыл мерзімге шартты жаза кескен.
2010 жылдан бастап Дуйшенбек Зилалиев бірнеше жауапты қызметтер атқарған. Ол Қорғаныс кеңесі хатшысының орынбасары, Қырғызстанның геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры, премьер-министрдің орынбасары, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қордың директоры болып істеген.
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024