Ішкі істер министрлігі тергеу бөлімінің аға тергеушісі Суйунбек Мунайтбасовтың айтуынша, іс бойынша екі адамға айып тағылған. Ішкі істер министрлігі журналист Егізбаев көлге батып қайтыс болған, ал пансионатта қауіпсіздік шаралары сақталмаған деген қорытынды шығарған.
28 жастағы Уланбек Егізбаев 22 шілде күні отбасымен Ыстықкөлдегі пансионатта демалып жатқан кезде қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, ол суға батып кеткен.
Уланбек Егізбаев Қырғызстандағы шенеуніктер арасындағы жемқорлық оқиғаларын зерттеумен айналысты, оның материалдары Азаттықтың «Ыңғайсыз сұрақтар» бағдарламасында талқыланды. Журналист әзірлеген арнайы репортаждар Қырғызстан қоғамында талқылауларға ұласқан.
Уланбек Егізбаев 2016 жылы «Арман» («Мечта») ролигі үшін Webby Awards сыйлығын иеленген. Қазасынан бір ай бұрын Уланбек Егізбаев «Алтын қалам» сыйлығымен марапатталған еді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024