Қарағанды облысында аса ауыр жол апаты орын алды. 5 шілде күні Балқаш бағытына қарай бет алған Kia Sedona көлігі апатқа ұшырап, жеті адам тілсіз жаудан көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жол белгілеріне бағынбай, алда келе жатқан көлікті қауіпті жағдайда басып озған. Салдарынан автокөлік жөндеу жүріп жатқан аумаққа кіріп кетіп, темір қоршауға соғылған. Бірнеше сәттен соң көлік отқа оранып, жанып кеткен.
Тек жүргізуші мен бір жолаушы ғана көліктен шығып үлгерген, қалған жеті адам — қапыда көліктің ішінде қалып, ажал құшты. Куәгерлердің айтуынша, көлікте балалар да болған. Қазір олардың жеке тұлғалары анықталып жатыр, ал аман қалғандар ауруханаға жеткізілген.
Оқиға әлеуметтік желіде де үлкен резонанс тудырды. Желіде көліктегі адамдардың ән айтып, көңілді күйде отырған сәттері түсірілген бейнежазба тарады.