26-01-24 |
9820 рет қаралған
Алматыда таңертең метро неге жұмыс істемегені айтылды.
Алматыда таңертең метро неге жұмыс істемегені айтылды

Алматы метрополитені 26 қаңтар күні таңертең қаладағы метроның неліктен жұмыс істемегеніне қатысты түсініктеме берді.

«26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ», – деп жазылған ресми хабарламада.

Мамандар жұмыс жасап, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, деп қосты метродағылар.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео пайда болған. Кадрларда метро маңында көп адам тұрғанын көруге болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.