01-03-21 |
570 рет қаралған
Ақтауда жәндіктерге дәрі сепкен тұрғын көршісін улап өлтірді.
Ақтауда жәндіктерге дәрі сепкен тұрғын көршісін улап өлтірді

Ақтауда екі адам адам химиялық заттан уланып көз жұмып, тағы алтауы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, деп хабарлайды Arasha.kz облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен көршілерін ескертпестен өз пәтерін жәндіктерден тазарту үшін дезинфекциялаған. Кейін өздері басқа үйге кетіп қалған. Жәндіктерге қарсы химиялық зат көршілерге әсер еткен.  

«Ақтау тұрғыны көршілерін ескертпей, жәндіктерді өлтіруге арналған «Квикфос» препаратымен үйін заласыздармақ болған. Салдарынан көрші пәтерде қызы мен анасы иістен уланып көз жұмды. Аталмыш оқиға бойынша сот сараптамасы тағайындалды», – деп хабарлайды құзырлы орган. 

Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу басталып кетті. Оқиға Қылмыстық кодекстің 304 бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.