01-04-24 |
4640 рет қаралған
Ақтөбе облысы аумағында 757 үйді су басты.
Ақтөбе облысы аумағында 757 үйді су басты

Эвакуацияланған 3716 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 1798 адам туыстарында. 7072 бас жануарлар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Өкен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 125 965 дана қап және 260 982 тонна инертті материалдар төселді, 53 195 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 3025 адам, 539 техника, 32 су сору құрылғысы және 18 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 157 қоңырау түсті.

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.