06-04-24 |
5760 рет қаралған
Ақтөбе облысында мыңнан астам үйді су басты.
Ақтөбе облысында мыңнан астам үйді су басты

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында 1053 үйді су басты.

Эвакуацияланған 1518 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 5858 адам туыстарында. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 100 дана қап және 100 тонна инертті материал төселді, 2630 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 349 адам, 57 техника, 16 су сору құрылғысы және 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.