18-09-24 |
1850 рет қаралған
Ақтөбе облысында қарасора плантациясы жойылды.
Ақтөбе облысында қарасора плантациясы жойылды

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Мұғалжар ауданының Жем өзенінің жағасында заңсыз өсірілген қарасора плантациясы анықталды. Бұл жерде ауданның үш тұрғыны ұсталды.

Плантация қол жетпейтін жерде, қалың бұталардың ортасында ұйымдастырылған. Лагерь тұруға қажетті барлық затпен жабдықталған. Суару үшін су өзеннен сорғымен алынған.

Биіктігі 1,5 метрден асатын 70-тен астам қарасора бұтасы тәркіленді, оларды жаз бойы ұсталған күдіктілер баптаған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.