12-06-24 |
1990 рет қаралған
Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйел экипаждары алғашқы рейсін жасады.
Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйел экипаждары алғашқы рейсін жасады

Адамзаттың нәзік жартысының өкілдері гендерлік стереотиптерді тағы да жоққа шығаруда. Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады.

Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жандылар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.

«Сезім негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей. Мен үшін бұл өзінен-өзі түсінікті жағдай. Оқу кезінде менің де екі әйел нұсқаушы болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы тарихи  оқиға тек 2024 жылы болғаны өкінішті», – деп бөліседі Аделина.

Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға  екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйректпек.

Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.