16-03-24 |
7030 рет қаралған
Bank RBK-дан ақша ұрлады деген кәсіпкер Бахыт Ибрагим түрмеде қайтыс болды.
Bank RBK-дан ақша ұрлады деген кәсіпкер Бахыт Ибрагим түрмеде қайтыс болды

Bank RBK-тен 144 миллиард теңге ұрлады деп 8 жылға сотталған кәсіпкер Бахыт Ибрагим түрмеде қайтыс болды.

Аталған жайтқа қатысты полиция түсінік берді.

«Аталған факті бойынша «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталуда», – делінген полиция таратқан мәліметте.

2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, 2018 жылы Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланған болатын. БАҚ оны Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы деп атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.