19-03-24 |
2040 рет қаралған
Бейнеудегі газ құбырында жарылыс болды.
Бейнеудегі газ құбырында жарылыс болды

Бейнеуде “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының бойында өрт шығып, жарылыс болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.