25-09-19 |
1070 рет қаралған
Бозашы мен Қарақұдықта мұнайшылар ереуілге шықты.
Бозашы мен Қарақұдықта мұнайшылар ереуілге шықты

Маңғыстаудағы «СИНОПЭК» ЖШС жұмысшыларының ереуілінен видеолар желіге шықты.

«Лада» сайтының жазуынша, мекеме қызметкерлері жалақыларының 100 пайызға артқанын қалайды. Олар өздерінің талаптары орындалмайынша жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Ресми емес дерек көзінің мәліметтерінше  мұнайшылар  «Бозашы» мен «Қарақұдық» кен орндарында 23 қыркүйек, кешкі сағат 17:00-ден бері наразылықта тұр.

«Біз, «Бозашы» кен орнындағы «СИНОПЭК» компаниясының КРС-2-ші бригада жұмысшылары жалақымыз өзге мекемелермен тең болғанын талап етеміз!»-дейді бір топ жұмысшы киімін киген азаматтар youtube желісіндегі бейне видеода.

«Біз «Қарақұдық» кен орнының «СИНОПЭК» компаниясының №3-ші ұжымының жігіттері жалақымзды 65 пайызға көтеруді сұраймыз және талап етеміз! Талап орындалмай жұмысқа шықпаймыз!»-дейді бір топ мұнайшы, келесі топ жұмысшылар:

«Біз «Бозашы» кен орнынанбыз. Біз Бірінші КРС жұмысшыларымыз. Біздің жұмысты тоқтату себебіміз айлығымыздың төмендігіне байланысты және де көрші мекемелермен тең болуын талап етеміз. Басқа талап жоқ. Жалақылар көтеріледі деген хабар келсе, біз жұмысты бастауға дайынбыз»,-дейді.

Дәл осындай талаппен аталған кен орындарының басқа бригадалары да басшылықтарына видеоүндеу жолдапты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.