24-06-24 |
6540 рет қаралған
БҚО-да полиция ПД-де оқ атты, артынша өзін жарақаттады.
БҚО-да полиция ПД-де оқ атты, артынша өзін жарақаттады

Батыс Қазақстан облысында 21 жастағы қызметкер өзін-өзі атып тастады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 маусым күні сағат 07:41-де болған.

103 пультіне Пугачева көшесі, 45 мекенжайы бойынша полиция бөлімінің ғимаратында оқ жарақаты туралы хабар келіп түскен, жедел жәрдем ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы ер адамның қазір жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Оның жағдайы ауыр.

«Жедел жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл операцияға жеткізілді. Қазір реанимацияда. Жағдайы өте ауыр», – деді ведомстводан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.