Оралда иттер бес жасар қыз баланы талап тастады, қыз ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
«Мой город» басылымының мәліметінше, иттер балаға ойын алаңында шабуыл жасаған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көптеген жарақаттары бар қыз Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Бала түскен кездегі травматикалық шок белгілерін ескере отырып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Анальгетикалық терапия, жараларды біріншілік хирургиялық өңдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл екпе жасадық. Бала хирургия бөліміне ауыстырылды», – деп хабарлады облыстық департаменттен.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы тұрақтанған.
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024