29-04-24 |
1850 рет қаралған
Еркек бұрынғы әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірді.
Еркек бұрынғы әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірді

Қарағандыда еркек бұрынғы әйелін үйіне барып балаларының көзінше пышақтап өлтірді. Бұл туралы марқұмның туысы Серік Беркамалов мәлімдеді, деп жазды Орда сайты.

25 сәуірде Қарағандыда 52 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап өлтірген.

Марқұмның туысының айтуынша, ерлі-зайыптылар 10 жыл бұрын ажырасып кеткен және осы уақыт бойы бұрынғы күйеуі әйелге қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытқан. Бірнеше жыл бойы жәбірленуші құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінгенімен, ер адам жазасыз қалып отырған.

Кісі өлтірген күні мас ер адам әйелдің үіне келіп шу шығарып, күш көрсетумен болған. Ерлі-зайыптылардың 14 жасар ұлы полицияға хабарласқан. Қызметкерлер арызды қабылдап, мас азаматты пәтерде қалдырып кеткен. Екі сағаттан кейін бұрынғы күйеуі әйелін пышақтап өлтірген.

Ер адам ұсталып, жантүршігерлік қылмыстың куәгері болған кәмелетке толмаған балаларға психологиялық көмек көрсетілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.