24-04-24 |
2460 рет қаралған
Кәсіпкер Баталов Бишімбаевтың айыптауына жауап қатты.
Кәсіпкер Баталов Бишімбаевтың айыптауына жауап қатты

Бизнесмен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді.

«Маған қарсы сойқан қылмыс жасады деп айыпталған адамның аузынан шыққан сөз – бос сөз, бұл ессіз өтірік екенін айтқым келеді, бұл өтірікке сенбеуге шақырамын», – деді Баталов.

Ол соңғы уақытқа дейін Бишімбаевтың соты бойынша түсініктеме бергісі келмегенін, бірақ «атына кір келтіретін лас тәсілі оны мәлімдеме жасауға мәжбүр еткенін» атап өтті.

Ол сондай-ақ Нүкеновтердің отбасына көңіл айтты. Бұған дейін кәсіпкердің әйелі Ленара Баталова да Салтанат Нүкенованың туыстарына қолдау білдірген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.