03-02-24 |
7010 рет қаралған
«Майқайыңалтын» кенішіндегі іздеу жұмыстарын тоқтату қарастырылуда.
«Майқайыңалтын» кенішіндегі іздеу жұмыстарын тоқтату қарастырылуда

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылу орнындағы іздеу жұмыстары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіруде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен  күні солтүстік беткей бойынша экскаваторлармен шамамен 25 текше метр көлемінде топырақты қайта экскавациялау жүргізілді.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылған жердің барлық периметрі бойымен жарықшалар пайда болды. Топырақтың бұл жағдайы өте қауіпті.  Бұған дейін кішігірім жарықшалар пайда болған кезде топырақ опырылған болатын.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақтылықтың «призмасы» бұзылуы мүмкін. Яғни, шұңқыр қабырғаларының опырылу ықтималдығы жоғары, өйткені байқалған жыныстар ауа-райының қыртысының сынық фракцияларынан тұрады. Сонымен қатар, төмен температура мен қатты боран жұмысты қиындатуда. Мұның бәрі құтқарушылардың өміріне қауіп төндіреді.

«Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдайды жою басшысы бірінші кезекте төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдай отырып, аталған жұмыстарды толықтай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы. Қазіргі уақытта бұл мәселе қарастырылуда», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.