10-09-24 |
1620 рет қаралған
Назарбаевтың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы марапатталды.
Назарбаевтың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы марапатталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы, Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тоқпақбаевты марапаттау туралы жарлыққа Тоқаев қол қойды.

«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», – деп хабарладыАқорда.

Тоқпақбаев 1939 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, Минск қаласындағы КГБ жоғары мектебін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық мектебін бітірген.

Ол 24 жасында тергеу органдарында жұмыс істей бастады.

Фото: Sarbaz.kz.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.