22-04-24 |
4290 рет қаралған
«Онымен жаттың ба?». Бишімбаев Нүкенова өлердің алдында телефонға түсіріп, боқтаған.
«Онымен жаттың ба?». Бишімбаев Нүкенова өлердің алдында телефонға түсіріп, боқтаған

Бүгінгі сот отырысында судья Қуандық Бишімбаетың телефонындағы видео деректер қарады.

Судьяның айтуынша, видеода Салтанат Нүкенова еденде тізерлеп, диванның жанынан бірдеңе іздеп жатыр. Бишімбаевтың дауысы естіледі.

«Ешқандай… дәретханада, ізде, бл… қоқыс, бл…!!!».

«Сен онымен жаттың ба? Сеноның ойнасы болдың ба?», – дейді видеода.

Одан кейін Бишімбаевтың даусы Нүкенованы тергеп, Райымбекпен бірге болғанын мойындауды талап ететін видео үзінділері көп. Ол қайта-қайта онымен жаттың ба деп қайталайды.

Бишімбаевтың өзі қобалжып, жазбаның жалған екенін айтуда.

«Мұның бәрі монтаждың бір түрі. Мұның бәрі менің телефонымды бұзып, қандай да бір жолмен жүктелген», – деп ақталды Бишімбаев.

Бұл ретте Айжан Құлбаева видеода Салтанат Нүкенованың үстінде қара пальто, басқа киімсіз екенін айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.