12-02-24 |
2270 рет қаралған
Оралда апаттан кейін тұрғындар сусыз қалды.
Оралда апаттан кейін тұрғындар сусыз қалды

Орал қаласында орын алған апаттан кейін қаланың бір бөлігі сусыз қалды. Бұл туралы «Уральская неделя» басылмы жазды.

«Құбырдың дәнекерленген жері жарылып қалды. Апаттың сипаты соншалықты күрделі емес, бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы негізгі кәріздік сорғы станцияларының бірін өшіруге тура келді. Соның салдарынан қалаға су беруді шектеуге мәжбүр болдық», – дейді «Батыс су арнасы» ЖШС-нің директоры Әнуар Әркенов.

Оның айтуынша, апат диаметрі 1000 мм болатын кәріз коллекторында болған..

«12 ақпан күні сағат 2.30-да қалалық су құбырына су беріле бастады», – делінген хабарламада.

Фото: «Уральская неделя»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.