
ҰҚК осы жылдың бірінші айында шекарадағы іс-қимыл әрекеттерінің нәтижесі жайлы баяндады.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 3 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұстаған.
27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталған, тағы 12 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілген.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 248 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
– жалпы салмағы 7 кг астам есірткі заттары;
– синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлардың 1 факті, жалпы салмағы 1 285 кг жоғары;
– 113 – қарулар мен оқ-дәрілер (5 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 25 дана пневматикалық, 152 дана суық қару, 105 дана оқ-дәрілер, 21 дана электрошокерлер);
– 30 – діни әдебиет (728 дана);
– 462 – жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден астам);
– 491 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
– 115 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 29 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
– 16 дана жүзу құралдары;
– жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
– 139 дана (500 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
– алды алынған залал сомасы шамамен 196 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
-
16.02.2025
-
16.02.2025
-
16.02.2025
-
16.02.2025
-
16.02.2025
-
15.02.2025
-
15.02.2025
-
15.02.2025
-
15.02.2025