02-10-24 |
1130 рет қаралған
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың тағы бір бөлігі табылды.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың тағы бір бөлігі табылды

Осы жылдың 20 қыркүйегінде ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура және полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кескендерін мәлімдеді.

Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы және әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды.

2 бірлік қарудың 2022 жылғы «қаңтар» оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.