16-01-24 |
6950 рет қаралған
Қарағанды облысында жұмысшыны пойыз қағып өлтірді.
Қарағанды облысында жұмысшыны пойыз қағып өлтірді

Қарағанды ​​облысында «Шұбаркөл Көмір» акционерлік қоғамының ішкі теміржол желісінде жұмысшыны пойыз қақты.

Аталған мекеме жұмыс барысында орын алған қайғылы жайтқа қатысты түсінік берді.

«2024 жылы қаңтардың 15-і күні “Шұбаркөл көмір” АҚ ішкі теміржол жолдарында жұмысшының қаза табуына әкеп соққан жазатайым оқиға орын алды. Жұмыс барысында бағыттамалық бекеттің кезекшісі бос вагондардың қозғалмалы құрамының астына түсіп кеткен», – делінген хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыс басталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.