04-04-24 |
4040 рет қаралған
Құлсары қаласына кіретін жол жабылды.
Құлсары қаласына кіретін жол жабылды

Тасқын суға байланысты Атырау облысындағы Құлсары қаласына кірер жол жабылды.

Бұл «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының Құлсарыдан 103-ші шақырымдағы бөлігін тасқын суының басып кетуіне байланысты болды.

Көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазір патрульдік полиция қызметкерлері су басқан тас жолда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құлсарыға кіру жабық. Айта кетсек, бүгін Жылой ауданында төтенше жағдай енгізілген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.