13-01-24 |
7540 рет қаралған
Санкт-Петербургте Wildberries қоймасы өртенді.
Санкт-Петербургте Wildberries қоймасы өртенді

Санкт-Петербургте Пушкин ауданында орналасқан Wildberries қоймасында ірі өрт болды.

«Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Компания басшылығы барлық қажетті көмекті көрсетеді. Шығын ауқымы анықталуда», – деп хабарлады Wildberries.

Қалалық Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 55 мың шаршы метрге дейін ұлғайғанын, оқиға орнына 112 маман мен 25 техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қойма қызметкерлері эвакуацияланған. Өрт кезінде онда мыңға жуық адам болған, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қоймада сақтаулы тұрған тауарлар маркетплейстен уақытша алынып, тұтынушыларға жеткізілмеген тапсырыстар үшін ақша қайтарылатыны түсіндірілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.