Талғарда төбелес салдарынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Қаржаубай Нұрымов өз үндеуінде Қонаевтағы Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратына келгенін, полиция істі оң жағынан қарап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол халықты сабырға шақырып, ешқандай қантөгіс болмауын сұрады.
«Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге, қантөгіс болмасын. Мен бар жерде бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті менің дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасау үшін сондай болуы мүмкін. Сол себепті халқым, өтініп сұраймын, ешқандай көтеріліс емес, өз қағидам: заң аясында дұрыс, әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шыны керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазбаға, суреттер, фотоларға сенбеңіздер. Кім келсе де, қандай жағдай болсын, сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Ал отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады», – деді Қаржаубай Нұрымов.
Оның сөзінше, күдіктілер бірнеше рет қорқытқан. Дегенмен, марқұмның әкесі ашық сотты талап ететіп отыр.
«Мені бір емес, бірнеше рет қорқытты. Алып кетулер болды. Телефонмен де. «Заңгерміз, адвокатпыз, бірге оқып едік» деп келіп, алдап, мені далаға шақырып алып, қорқытулар болғаны рас», – деді марқұмның әкесі.
Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Қолында пышақ пен қаруы бар бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат, әкесі мен ағасына шабуыл жасаған.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024