23-01-24 |
4690 рет қаралған
Жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмады? ТЖД жауап берді.
Жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмады? ТЖД жауап берді

Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.

Оның айтуынша, сиреналар магнитудасы 5.5 баллдан басталатын жер сілкінісі кезінде ғана іске қосылады.

«Алматыда барлығы 843 электр сиренасы бар, бұл 100% қамтуды құрайды. Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5.5 баллдан асатын тербелістерді тіркеген кезде іске қосылады. Тиісінше, 4-тен 5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелген кезде сиренаны қосу қажет емес. Ол  дүрбелең тудырар еді», – дейді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.