31-07-20 |
680 рет қаралған
Ресей Байқоңырдан тағы да «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырды.
Ресей Байқоңырдан тағы да «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырды

фото: roscosmos.ru

Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кезекті рет «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырды. Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Зымыран 31 шілде түнде ұшырылған. Зымыран Ресейдің телекоммуникациялық «Экспресс-103» и «Экспресс-80» ғарыш аппаратын алып ұшқан. Зымыранның ұшуы штаттық кестеге сай қалыпты жағдайды өткен.

Гептил отынымен ұшатын, жерге бөлшектері құлайтын «Протон» зымыранын қазақстандық экологтар мен құқық қорғаушылар жиі сынайды. Олар 2015 жылғы киіктердің қырылу оқиғасын жерге зымыран отынының төгілуімен байланыстырған. Сондай-ақ «Протон М» зымыран тасығышының экология мен адам денсаулығына қаупіне қатысты әртүрлі ұйымдар қарсылық акцияларын жиі өткізіп тұратын. Кейінгі жылдары ол қарсылық басылды. Бірақ Ресей «Протон М» зымыран тасығышын ұшыруды әлі жалғастырып келеді.

Соңғы бірнеше жылда «Протонмен» байланысты бірқатар ірі апат болған. 2013 жылы жазда «Протон» зымыраны әуеге көтеріле сала жерге құлаған.

Ресей Байқоңырды 1994 жылдан бері Қазақстаннан жалға алып келеді. Жалға алу мерзімі 2050 жылы аяқталады деп хабарланған. Ресей жалға алғаны үшін жыл сайын Қазақстанға 115 миллион доллар төлейді.

Былтыры Ресейге жалға берілген «Байқоңырдың» біраз жерін қайтарып алу туралы хаттама бекітілген. Сол кезде ауылшаруашылығы министрлігі Ресейге 650 мың га жер жалға берілгенін бекітілген хаттамаға сәйкес, 11 мың 600 га жер қайтарылатынын айтқан еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.