05-11-24 |
3390 рет қаралған
Түркия Қырғызстанның 59 млн доллар қарызын кешірді.
Түркия Қырғызстанның 59 млн доллар қарызын кешірді

Түркия Қырғызстанның 58,9 миллион доллар сыртқы қарызын кешірді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қырғыз Республикасының Түркия Республикасына сыртқы қарызын есептен шығару туралы шешімі үшін құрметті президент Ердоғанға ерекше алғысымды білдіргім келеді», – делінген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың мәлімдемесінде.

5 қарашада Жапаров пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бішкекте келіссөздер жүргізді. 24.kg мәлімдеуінше, Түркия жасыл экономика жобаларына айырбас ретінде Қырғызстанның 58,9 миллион доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.