22-12-20 |
460 рет қаралған
«Nur Otan» партиясы медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады.
«Nur Otan» партиясы медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлзияш Қабдешова аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттарды түсіндіре отырып, партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады. Халықтың денсаулығына жауапты саладағы өзгерістер мен өзекті мәселелер, алдағы уақытта саланы нығайтуға бағытталған міндеттер сөз болды.

Бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезіндегі медициналық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелер есепке алынып, орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және жақсартуға арналатыны атап өтілді.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденгенін айтып, нақты міндеттер мен істер партиясы «Nur Otan» партиясына жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан үміткерлер аурухана ұжымын алдағы сайлауда сенімді азаматтық көзқарас танытып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Бүгінгі таңда азаматтық жауапкершілік сезімі жай сөзбен ғана емес, әр азаматтың нақты істерімен дәлелденеді, сондықтан бізді ортақ мақсаттар біріктіреді, қиындықты еңсеріп, жаңа жетістіктерге бірге жетейік!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.