18-12-20 |
470 рет қаралған
Қаланың шет аймақтарына басымдық берілмек.
Қаланың шет аймақтарына басымдық берілмек

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ибрагим Басықараев, Гүлнар Жұмашева, Орынша Алимбетова және Жаннат Садвақасова Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесті.

Кент тұрғындарымен кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңірек айтылды. Сондай-ақ,  бағдарлама аясында қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердің даму бағытына да тоқталды.

– Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Осы жылдарда біздің жетекші партиямыз халықпен бірге болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынды. Сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылуда. Бұл істердің барлығы елдегі бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар әлі де жалғаса береді, – деді «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ибрагим Басықараев.

Кент тұрғындары кездесу барысында түрлі тақырып турасында ұсыныстар мен ой пікірлерін ортаға салды. Мәселен, кентке көпір тұрғызу керектігін жеткізіп, банкомат орналастыруды алға тартты.

 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.