23-12-20 |
440 рет қаралған
Сала дамуына басымдық берілмек.
Сала дамуына басымдық берілмек

Бүгін партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау, көкейдегі сұрақтарға жауап беру мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар онлайн режимде «Теміржол-Су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық филиалдың мәжіліс залына өткен кездесуге кандидаттар Гүлнар Жұмашева, Айгүл Мұсабаева, Жандос Базартай және Ибраким Басықараев қатысты. Сондай-ақ, онлайн негізде үміткер Гүлшат Мұсаева да қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуде әрбір үміткер сайлауалды бағдарламада Қызылорда қаласының дамуындағы жеті басымдықты көрсетіп, өз саласына тиісті тұстарына тоқталып, өңір экономикасының дамуын арттыратын жобалардың негізгі бағыттарын бірге талқылады.

Онлайн өткен жиын барысында біраз мәселелер сөз болды. Ана мен бала перинаталдық орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жұмашева медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына, қаладағы тар шеңберлі мамандардың жетіспейтіндідігі туралы айтса, мектеп директоры Айгүл Мұсабаева білім сапасын арттыруға қатысты қойылған талаптарға тоқталып өтті.

«ҚТЖ»ҰК»АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев жол сапасын жақсартумен қоса жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы маңызы бар жолдардың үлесін арттыруда партияның алға қойған міндетерін атап айтса, «Қорқыт Ата» университетінің ұстазы, проректор Жандос Базартай бағдарламаның басым бағыттарында ғылымды дамытуға да зер салынғанын жеткізіп, елімізде аталмыш бағытты өркендету жолында жасалған қадамдарға тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан әртүрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.