20-08-22 |
400 рет қаралған
Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты шағым бойынша қылмыстық іс қозғау фактісі расталды. Бұл туралы ҚазТАГ мәлімдеді.

«17 маусымда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің арызы бойынша ҚР ҚК-нің 249-бабының 1-бөлігі (рейдерлік) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген прокуратураның жауабында.

Айта кетсек, 20 маусымда танымал журналист Михаил Козачков рейдерлікпен айналысты деген күдікпен Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Кейін Қаржы мониторинг агенттігі «Karuan» ЖШС-ін рейдерлік басып алғаны туралы Нұрша Кәкеновадан арыз түскенін растаған. Бірақ оған қатысты қылмыстық тергеу басталғаны жайлы деректі растамаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.