11-02-21 |
550 рет қаралған
Димаш Құдайберген: Шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек.
Димаш Құдайберген: Шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек

Қазақстандық мега жұлдыз Димаш Құдайберген шығармашылығын АҚШ-та шыңдайды.  Әнші бұл туралы MTV USA арнасына берген сұхбатында хабарлады.

«Қытай елінде қанша жыл тұрғанымды, қазір шығармашылығымды дамыту үшін Америкаға көшуді жоспарлап жүргенім туралы сіз көптеген қызықты нәрселерді сұқбаттың толық нұсқаснан біле аласыз», – деп жазды Димаш Instagram парақшасына.

Ол телеарна жүргізушысы Кеан Кеннимен болған сұхбатында Америкаға сапары туралы баяндады.

«Мен өз шығармашылығымды жетілдіру үшін Америкада біраз уақыт өткізуді жоспарлап отырмын. Ол үшін шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек. Менде ондай тәжірибе болған: мен Қытайда өзімнің музыкамды дамыту үшін үш жарым жыл болдым. Менің сүйікті жерім – ол менің отбасым тұрып жатқан жер», – деді Димаш.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.