12-11-22 |
1250 рет қаралған
Әлемге әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев Астанада қамауға алынды.
Әлемге әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев Астанада қамауға алынды

Еліміздің атын шығарып жүрген танымал марафоншы Марат Жыланбаев елорда да қамауға алынды.

Жыланбаев Марат Төлегенұлы ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігінде (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза түріндегі жазаға 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын. Қамау мерзімі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап 17.05 сағаттан бастап әкімшілік қамауға алынған кезден бастап есептеледі», – делінген судья Ақерке Бектұрғаныованың шешімінде.

Құжатта көрсетілгендей, Жыланбаев 2022 жылдың 21 тамызында Астанадағы «Цветочный сад» гүлзарында рұқсат етілмеген митингке қатысқан. Осылайша, Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзған.

Соттың шешімінде көрсетілгендей, марафоншы кінәсін мойындамаған және саябаққа шынымен мәдени шара өтіп жатқанына көз жеткізу үшін келгенін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.