17-09-21 |
1070 рет қаралған
Қазақстан Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ашуға дайын.
Қазақстан Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ашуға дайын

Мемлекет басшысы Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымының гуманитарлық хабын ұйымдастыру керектігін айтты.

 

Президент Душанбеде өтіп жатқан кеңесте қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті екеніне тоқталды. 

«Қазақстан Ауғанстан болашағын өз-өзімен және өзінің көршілермен бейбіт өмір сүретін нағыз тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет ретінде көреді. Осынау тағдыршешті тарихи сәтте Ауғанстанның көпұлтты халқы теңдессіз қиындықтармен бетпе-бет жалғыз қалмауы тиіс. ШЫҰ үлкен ықпалының арқасында бұл елдің бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуінде белсенді рөл атқаруы тиіс деп санаймын. Ұжымдық күш-жігермен ғана қазіргі сын-тегеуіріндермен күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан өз тарапынан Ауғанстаннан бақылаусыз көші-қонның орын алуының, деструктивті идеологияның, есірткінің таралуының жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімен өзара іс-қимылды күшейтетіндігін баса айтты.

«Сонымен қатар Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларды шешу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.